Астанада «Екі жұлдыз» концерті өтті

4488

Астанада халықаралық Саңыраулар күніне орай «Екі жұлдыз» атты мерекелік концерт өтті, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты.

Іс-шараны «Қазақстанның саңыраулар қоғамы» Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен бірлесе ұйымдастырды.

Мерекелік концертте елге танымал өнер жұлдыздары мен «Қазақстанның саңыраулар қоғамының» өнерпаздары бірге өнер көрсетті.

Атап айтқанда, сахнада Ибрагим Ескендір, Азамат Жылтыркөзов, Нұрғали Тұрлыбеков, Ринат Мальцагов, Шахаризат Сейдахмет секілді әншілер жұп құрап, ән шырқады.

   Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить