Көкөніс маусымы: бір айда баға 6% төмендеді

Биылғы бірінші жартыжылдық нәтижесі бойынша елімізде әр түрлі көкөніс импорты өзгерді. Атап айтқанда, баялды импорты 7,7% артып, 2,4 мың тоннаға жетті, деп хабарлайды energyprom.kz.

Ал ақ қырыққабат импорты 60,1%, 36,3 мың тоннаға дейін, сәбіз — 48,2%, 15,3 мың тоннаға дейін, картоп — 42,8%, 22,1 мың тоннаға дейін, бұрыш — 38,5%, 15,9 мың тоннаға дейін, сарымсақ — 31,6%, 2,4 мың тоннаға дейін, қызанақ — 18,3%, 41,2 мың тоннаға дейін, қызылша — 13,3%, 7,5 мыңға тоннаға дейін, қияр — 9,1%, 6,8 мың тоннаға дейін, пияз — 2%, 178,8 мың тоннаға дейін, бақша дақылдары — 0,6%, 40,9 мың тоннаға дейін азайды.


Экспортқа келер болсақ, картоп 13,2 есе, 108,8 мың тоннаға дейін, баялды 3,4 есе, 64,6 тоннаға дейін, сәбіз 2,4 есе, 5,4 мың тоннаға дейін, пияз 95,3%, 59,8 мың тоннаға дейін, бұрыш 86,3%, 1 мың тоннаға дейін, сарымсақ 37,6%, 527 тоннаға дейін, қияр 18,1%, 3,5 мың тоннаға дейін, қырыққабат 9,6%, 5,4 мың тоннаға дейін көбейді.

Қызанақ экспорты 16%, 7,3 мың тоннаға дейін, бақша дақылдары 26,7%, 3,4 мың тоннаға дейін, қызылша 59,9%, 356,2 тоннаға дейін ұлғайды.

Кей позициялар бойынша импорттың экспорттан асып кеткенін байқаймыз. Мысалы, баялды импорты экспортқа қарағанда 37 есе көп, қызылша — 21,1 есе, бұрыш — 15,7 есе, бақша дақылдары — 12 есе, қырыққабат — 6,7 есе, қызанақ — 5,6 есе, сарымсақ — 4,5 есе, пияз — 3 есе, сәбіз — 2,9 есе, қияр — 2,9 есе, қияр — 1,9 есе, картоп — 20,4% көп.


Сектордағы бөлшек сауда бағасына келетін болсақ, биыл тамыз айының қорытындысы бойынша, көкөніс бағасы айлық динамикада 6,1% төмендеді, алайда бір жыл ішінде (яғни өткен жылдың тамызымен салыстырғанда) көрсеткіш 12,3% өсті.

Өңірлер бойынша айлық динамикада бағаның ең көп өсімі Ұлытау облысында ғана байқалды: 0,8%. Ең көп арзандау Қарағанды облысында (14,4%), ең азы Қызылорда облысында (1,5%) тіркелді.

Жылдық динамикада ең қатты қымбаттаған тағы да Ұлытау облысы (32,7%), ең аз қымбаттаған өңір Қарағанды облысы (1,2%). Сонымен қатар, екі өңірде — Ақтөбе және Солтүстік Қазақстан облыстарында көкөніс 2022 жылғы тамызбен салыстырғанда тиісінше 8,1% және 2,5% арзандады.


Өнім санаттары бойынша тамыз айының аяғында ақ қырыққабаттың бағасы айтарлықтай өсті: бір айда 14,3% және бір жылда 67,2%, республика бойынша орташа есеппен килосы 169 теңгеге дейін.

Қызылша бір айда 3,7% қымбаттады, бірақ былтырғы тамызбен салыстырғанда 0,9% төмендеп, килосы 257 теңгені құрайды.

Сәбіз бір айда 1,7%, бір жылда 6,5% қымбаттап, килосы 196 теңгеге жетті. Картоптың бағасы бір айда 4%, бір жылда 0,3% төмендеп, килосы 170 теңге болды. Қияр бір айда 4,7% арзандаса, бір жылда 6,8% қымбаттап, килосы 394 теңге болды. Бір айда қызанақ бағасы 12,9% төмендеді, бірақ 2022 жылдың тамызымен салыстырғанда 15,4% өсіп, килосы 475 теңгені құрады. Пияз бір айда 22,5%, бір жылда 10,8% арзандап, килосы 147 теңге болды.

ҚР оңтүстік өңірлерінде алдағы маусымаралық және қысқы кезеңге арналған тұрақтандыру қорларын қалыптастыру мақсатында көкөніс жәрмеңкелері өтеді, деп хабарлайды ҚР СИМ.

Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
Выбор редактора
Ошибка в тексте