Қазақстан Сыртқы істер министрлігінде Армения Республикасымен ынтымақтастық мәселелері талқыланды

 Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Бақаев Армения Республикасының Қазақстандағы Елшісі Армен Гевондянмен кездесті.

Кездесуде тараптар саяси, сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық салалардағы екі ел арасындағы ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен одан әрі дамыту перспективаларын, сондай-ақ екіжақты және көпжақты алаңдарда өзара іс-қимылды жалғастыруға уағдаласты.

Кездесу соңында сұхбаттастар екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелері бойынша тұрақты байланыстарды сақтауға келісті.

Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
Выбор редактора
Ошибка в тексте