Енді Қазақстандық зауыт жылына 5 мың тонна коррозияға қарсы бояу шығаратын болады

3106

VMP Astana зауытының мамандары Ғылым қорының қолдауымен мұнай кәсіп жабдықтары үшін коррозияға қарсы фосфатты материалдарды өндірудің инновациялық технологиясын енгізуде.

Технологияны әзірлеушілер «Д. В. Сокольский атындағы жанармай, катализ және электрохимия институты» ғалымдары.

Материалдар төмен энергия сыйымдылығымен, жоғары өндіргіштігімен және қоршаған ортаға зиянсыздығымен ерекшеленеді. Өнімдер мұнай кәсіпшілік жабдықтарының жұмыс жағдайында болат конструкцияларды коррозияға қарсы тиімді қорғауға арналған.

Бүгінгі күні өндірістік құрал-жабдықтар сатып алынып, келіп түсетін өнімді тексеруді жүзеге асыру үшін зертхана жабдықталды. Өндіріс желісін ұйымдастыруға арналған өндіріс орындарын дайындау жұмыстары жүргізілуде. Енді патент алмақ ниетте. Өтініш берілді. Өнімді жеткізу бойынша да әлеуетті клиенттермен келіссөздер қарқынды жүруде.

Материалдарды өндіру Астана ВМП зауытының базасында «Астана – бірінші қала» индустриялық паркінің аумағында жүзеге асырылады. Мұнда өндірістік ғимарат, қойма және техникалық, логистикалық қамтамасыз етудің әкімшілік орталығы орналасқан. Цехтың барлық жабдықтары жарылысқа және отқа төзімді конструкциядан жасалған, тот баспайтын болаттан құрастырылған. Бұл жабдық еріткіш негізіндегі және су негізіндегі бояуларды да шығара алады.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить