Үржар ауданында 11254 га жер мемлекет меншігіне қайтарылды

3193

Бүгінде жергілікті атқарушы органдардың жүйелі түрде жүргізілген түсіндіру жұмыстарының нәтижесінде ауданда 11253,7 га жер мемлекет меншігіне қайтарылды.

Сондай-ақ, ҚР жер заңнамасын бұза отырып пайдаланылып жатқан және пайдаланылмай жатқан ауыл шаруашылығы жерлерін анықтау мақсатында жұмыс тобы құрылды. Қазіргі таңда бұл бағытта белсенді жұмыстар жүргізіліп жатыр.

Айта кетсек, 2023 жылы Үржар ауданында жер заңнамасын бұзып немесе мақсатты бағытта пайдаланылмай жатқан 28 мың га ауыл шаруашылығы жерлерін мемлекет меншігіне қайтару жоспарланған.

Пайдаланылмай жатқан ауыл шаруашылығы жерлерін қайтару жұмысы қатаң бақылауға алынған.

 

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить