СҚО-да астықтың жартысынан астамы жиналды

3382

Биыл Солтүстік Қазақстан облысында 3,2 млн.га алқапта дәнді және бұршақ дақылдарын жинау жұмыстары жүргізілуде.

Бүгінге дейін 1,8 миллион гектар немесе 53 пайызы орылды, 1,9 миллион тонна бастырылды.

Айта кетерлігі, биыл еліміздің солтүстік өңірлерінде астық жинау науқаны күрделі жағдайда өтіп жатыр. Қыркүйек айының басынан бері жауын-шашын 45 мм немесе айлық норманың 158 пайызын құрап отыр.

Облыста тәулігіне 240 мың тонна өнім кептіруге мүмкіндік беретін 317 астық кептіргіш іске қосылды. Облыста сыйымдылығы 6,9 млн тонна болатын астық сақтау қоймалары бар.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить