Жаңадан құрылған өңірлер үй салуда көш бастап тұр

3348

Ел өңірлерінде мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру аясында сегіз айда шамамен 10 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Бұл – өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 13% көп және 15,3 млн шаршы метрді құрайтын жылдық жоспардың 65% құрайды. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлайды.

Жалпы сегіз айда республика бойынша 86 616 тұрғын үй салынған, оның 22 368-і – жеке тұрғын үй. Салынған инвестиция көлемі – 1,7 трлн теңге, бұл өткен жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 1,5% жоғары.

Жаңа тұрғын үйлерді пайдалануға беру көлемі барлық өңірлерде артқан:

Ұлытау облысы – 156,7%,
Абай облысы – 128%,
Алматы облысы – 103,5%,
Жетісу облысы – 106,8%,
Павлодар облысы – 115,8%,
Ақмола облысы – 103,2%,
Түркістан облысы – 108,1%,
Шығыс Қазақстан облысы – 107,2%,
Қостанай облысы – 103,6%,
Солтүстік Қазақстан облысы – 105,1%,
Қызылорда облысы – 119,8%,
Ақтөбе облысы – 102,2%,
Жамбыл облысы – 101,2%,
Батыс Қазақстан облысы – 100,2%,
Шымкент қаласы – 119,4%,
Алматы – 122,5%,
Астана – 139,5%.
Неғұрлым қалыпты көрсеткіш Қарағанды (99%), Маңғыстау (96,3%) және Атырау (73,3%) облыстарында байқалады.

Мәлім болғандай, Мемлекет басшысының тапсырмасымен бекітілген Тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы шеңберінде барлық қаржыландыру көздері есебінен елімізде 111 млн шаршы метр тұрғын үй салу жоспарланып отыр.

2023 жылы – 15,3 млн шаршы метр

2024 жылы – 15,5 млн шаршы метр

2025 жылы – 15,7 млн шаршы метр

2026 жылы – 15,9 млн шаршы метр

2027 жылы – 16,1 млн шаршы метр

2028 жылы – 16,3 млн шаршы метр

2029 жылы – 16,5 млн шаршы метр

Тегтер:

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить