Суға кеткен баланы құтқарып, өзі қаза тапқан мұғалім «Айбын» орденімен марапатталды

Президент қаза тапқан мұғалім Александр Руденконы ІІ дәрежелі «Айбын» орденімен марапаттады, деп хабарлайды Ақорда

Мемлекет басшысы Астана қаласының № 32 мектеп-гимназиясының алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі Александр Иванович Руденконы (марқұм) адам өмірін құтқарам деп жүріп төтенше жағдайда көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығы үшін ІІ дәрежелі «Айбын» орденімен марапаттау туралы Жарлыққа қол қойды.

Александр Руденко 2023 жылдың 12 шілдесінде Шортанды көлінде суға батып бара жатқан баланы құтқарып, өзі қаза тапқан еді.

 

Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
Популярное
Выбор редактора
Ошибка в тексте