Астанада Ақбұлақ өзенінің жағалауы салтанатты түрде ашылды

3626

Елорда күніне орай «Алатау» спорт сарайының жанындағы алаңда Ақбұлақ өзенінің жағалауы салтанатты түрде ашылды, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.

Қонақтарға арнап концерттік бағдарлама ұйымдастырылды, ал аниматорлар кішкентай бүлдіршіндердің көңілін көтерді.

«Мұндай іс-шаралардың ашық аспан астында өткені керемет. Біз жақын жерде тұрамыз. Жалпы, маған Елорда күні ұнайды, қала күн санап өзгеруде, көптеген қызықты іс-шараларға баруға болады, дегенмен бұл ылғи да мүмкін емес», - деп бөлісті астаналық Александра Феоктистова.

Іс-шараның ерекшелігі – кез-келген адам өз тілегін білдіре алатын алғыс тақтасы қойылған. Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл тақтайға ата-анаға, балаларына, жұбайына, қалаға, әлемге «рақмет» деп жазуға болады.

«Маған Астанамыздың барынша көркейгені ұнайды. Бүгін қаламыздың 25 жылдығы атап өтіліп жатыр. Бұл мереке балалар мен ересектерге ерекше көңіл-күй сыйлайды, ал жағалау маңайы айтарлықтай өзгерді», - деп Арман Кеңесов әсерімен бөлісті.

Сондай-ақ Байқоңыр ауданында өткен іс-шарада меценаттар әлеуметтік осал топтардың балаларына маусымдық киім сатып алуға сертификаттар табыс етті.

Айта кетейік, биыл Ақбұлақ өзенінің жағасында Амман көшесінен Тәуелсіздік даңғылына дейін асфальт төселді, балалар ойын алаңы мен workout-аймақтар, көпір астындағы жаяу жүргіншілер өткелі жабдықталды. Сондай-ақ мұнда 25-тен астам орындық пен қоқыс тастайтын жәшіктер, 20-дан астам жарықтандыру тірегі орнатылып, 90-нан астам ағаш отырғызылды.

   Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить