Қазақстан СІМ-де журналистерді БАҚ қызметкерлері күнімен құттықтады

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінде Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күніне арналған салтанатты іс-шара өтіп, оған қазақстандық телеарналардың, сондай-ақ ақпараттық басылымдардың журналистері, теле- және фотооператорлары қатысты.

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу құттықтау сөзінде БАҚ өкілдеріне Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың саясатына ақпараттық қолдау бойынша қосқан үлесі мен қажырлы еңбегі үшін алғыс айтты. Еліміз және оның шетелдегі саясаты туралы сенімді ақпаратты таратуға ықпал ететін кәсіби жұмыс пен объективті ұстаным аталып өтті.

«Қазақстандық дипломатия бүкіл әлемге өзінің көпвекторлығымен және бітімгершілік бастамаларымен танымал. Бұл тәуелсіздік жылдарында Қазақстанның заманауи келбетін қалыптастырып, халықаралық аренада имиджін ілгерілете алған біздің дипломаттарымыз бен журналистеріміздің бірлескен жұмысының нәтижесі», – деді министр.

Еліміздің сыртқы саясатына ақпараттық қолдау ісіне қосқан зор үлесі үшін және кәсіби мереке – Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күніне орай бірқатар журналист пен шетелдегі қазақстандық БАҚ-тардың меншікті тілшелері Қазақстанның сыртқы саяси ведомствосы басшысының атынан алғыс хаттармен марапатталды.

Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
Популярное
Выбор редактора
Ошибка в тексте