Scat әуе компаниясы Пәкістанға жолаушылар рейстерін ашады

4712

Мемлекет басшысының ұшу географиясын кеңейту және халықаралық рейстер санын ұлғайту жөніндегі тапсырмасы шеңберінде ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитеті Пәкістанның авиациялық билігімен бірлесіп және ҚР Пәкістандағы Елшісі Е.С. Кистафиннің көмегімен Scat әуе компаниясының Пәкістанға тұрақты жолаушылар рейстерін ашу мәселесін пысықтады.

Осылайша, 2023 жылғы 8 шілдеден бастап Scat әуе компаниясы Воеіng 737 үлгісіндегі әуе кемелерінде аптасына 2 рейс жиілігімен (сәрсенбі және сенбі) Алматы – Лахор бағыты бойынша тікелей тұрақты жолаушылар рейстерін орындауды бастауды жоспарлап отыр.

Қазақстан мен Пәкістан арасында әуе қатынасын ашу елдер арасындағы сауда - экономикалық, инвестициялық, туристік және мәдени ынтымақтастықты дамытуды жеделдетуге мүмкіндік береді.

   Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить