«Вагнер» қатарында болған қазақстандыққа қатысты ақпарат тексерілуде – СІМ

3954

Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров «Вагнер» жеке әскери компаниясына кіргені үшін сотталған Қазақстан азаматы туралы ақпарат тексеріліп жатқанын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Украина билігі де, Ресей билігі де растаған жоқ. Бұл қандай да бір басылымда шыққан ақпарат қана. Ақпарат әлі тексеріліп жатыр: жалпы ол біздің азамат па? Шын мәнінде бар адам ба? Мұндай өзекті ақпараттарға келгенде жіті болуларыңызды өтемін», - деді Айбек Смадияров ведомствода өткен апталық брифинг барысында БАҚ өкілдерінің сауалына орай.

Еске сала кетейік, бұған дейін Ресейде оқитын қазақстандық студент өз еркімен «Вагнер» жеке әскери компаниясымен келісімшартқа отырғанын жазған едік.

Кейін ҚР Сыртқы істер министрлігі студенттің Қазақстанда қылмыстық жауапқа тартылатынын мәлімдеді.

   Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить