Парламентте депутаттық топ құрылды «Бір ел – Бір мүдде»

6140

Сенат бюросының мүшелері мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша құрылған «Бір ел – Бір мүдде» депутаттық тобын тіркеу мәселесін қарады, деп хабарлайды Сенаттың баспасөз қызметі. 

Еліміздің президенті Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXII сессиясында «Бір ел – Бір мүдде» депутаттық тобын құру туралы бастама көтерген болатын. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев партияларды ұлттық бірлікті нығайту мәселесіне белсенді тартуда парламенттегі депутаттық бірлестік пәрменді тетік болуы мүмкін екенін және Ассамблеядан сайланған бес сенатор оның негізін құрай алатынын атап өткен еді.

Еліміздегі қоғамдық келісім мен ұлттық бірлік саласындағы мемлекеттік саясатты заңнамалық тұрғыда қамтамасыз ету мәселесін келісу – топтың басты міндеті болып отыр. Жұмыстың бұл түрі парламент пен Қазақстан халқы Ассамблеясының өзара тиімді іс-қимылына және азаматтық қоғам институттары арасындағы этносаралық қатынастарды үйлестіруге ықпал ететін болады. Топтың құрамында Парламенттің 30 депутаты бар. Депутаттық топтың жетекшісі болып сенаттың Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым жөніндегі комитетінің төрағасы Нұртөре Жүсіп, мәжіліс депутаты Наталья Дементьева хатшысы болып сайланды.

   Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить