Тоқаев Беларусь президентінің айтқан сөзіне пікір білдірді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Беларусь президенті Александр Лукашенконың айтқан сөзіне пікір білдірді.

«Жақында Беларусь Республикасының Президенті Александр Григорьевич Лукашенко Қазақстанға одақтас мемлекетке кіруді ұсынды. Мен оның әзіліне лайықты баға бердім. Менің ойымша, бұған ешбір қажеттілік жоқ. Өйткені басқа интеграциялық бірлестіктер, соның ішінде, ең алдымен, Еуразиялық экономикалық одақ бар. Ядролық қаруға келетін болсақ, бізге бұл қару қажет емес. Себебі біз Ядролық қаруды таратпау туралы шарт пен Ядролық қаруды сынауға тыйым салу туралы шартқа қосылдық. Біз осы халықаралық құжаттар аясындағы міндеттемелерге адал болып қала береміз», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев Солтүстік Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілермен кездесу барысында.

Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
Выбор редактора
Ошибка в тексте