Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету тұжырымдамасы жобасын қоғамдық талқылау жалғасуда

6508

Астанада алғаш рет ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттарының, қоғам қайраткерлерінің, ғылыми қоғамдастық өкілдерінің, үкіметтік емес ұйымдар мен қауіпсіздік мәселесіне бей-жай қарамайтын азаматтардың қатысуымен еліміздің барлық қоғамдық кеңестерінің бірлескен отырысы өтті.

Талқылау тақырыбы ІІМ әзірлеп жатқан Қоғамдық қауіпсіздікті қоғаммен серіктестікте қамтамасыз ету тұжырымдамасының жобасы болды. Бұл тұжырымдама елдегі құқықтық тәртіпті қамтамасыз етудің одан арғы стратегиясын бекіту көзделіп отыр.

Тұжырымдаманың негізгі мақсаттары:

- азаматтардың өмірін, денсаулығы мен мүлкін қорғауды күшейту;

- жергілікті қоғамдастықпен серіктестікте құқық бұзушылықтың алдын алудың тиімді жүйесін құру;

- полиция жұмысын сервиске бағдарланған, адамға бағытталған модельге айналдыру.

Қылмыстың салдарымен күресуден гөрі, ұжымдық түрде оның алдын алу бағытындағы шаралар қабылдау тиімді, нәтижелі және пайдалы екенін халықаралық тәжірибе дәлелдеді.

Сондықтан Тұжырымдама аясында қоғамның барлық «салауатты күштерді» қылмыстың жасалу себептері мен жағдайларын жою арқылы оның алдын алуға бағыттау көзделген.

Құқық бұзушылықтың алдын алудың барлық субъектілерінің ортақ жауапкершілігі негізінде өзара іс-қимылдың тиімді тетіктері бекітіледі. Бұл ретте, тұжырымдама мақсаттарына қол жеткізудің нәтижелілігін бағалау үшін индикаторлар жүйесі белгіленеді.

Іс-шарада елдегі қауіпсіздік деңгейін арттыру бойынша келісілген шешімдерді әзірлеуге барлық мүдделі тараптарды тартудың маңыздылығын түсінуге қол жеткізілді. Қоғам белсенділері тұжырымдаманың барлық ережелерін егжей-тегжейлі пысықтауға дайын екендіктерін білдірді.

Осыған байланысты, ведомство келісілген және тиімді шараларды әзірлеу үшін мемлекеттік органдар, қоғамдық кеңестер мен үкіметтік емес ұйымдар өкілдерінің жұмыс кездесулерін қайта ұйымдастыратын болады.

   Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить