Жамбыл облысының Табиғи ресурстар басқармасына Олжас Баққараев басшылық етеді

2092

Жамбыл облысы әкімінің өкімімен Олжас Баққараев Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы болып тағайындалды, деп хабарлайды өңір әкімдігінің баспасөз қызметі.

Олжас Елебекұлы 1985 жылы Тараз қаласында туған. Санкт-Петербург мемлекеттік электротехникалық университетін «электроника және микроэлектроника», Санкт-Петербург мемлекеттік политехникалық университетін «экономика» мамандықтары бойынша бітірген.

Еңбек жолын 2009 жылы «ARMTEL» ЖШС-нің атқарушы директоры болып бастаған.

Әр жылдары «NULITS» (Nazarbayev University library and IT services) жеке мекемесінің даму қызметінің басшысы, «Тараз Инвест Консалт» ЖШС-нің сарапшысы, Жамбыл облысы әкімдігі Қаржы басқармасының бас маманы, облыс әкімі аппаратының әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімінің басшысы, облыс әкімдігінің Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары қызметтерін атқарған.

2020 жылдан осы тағайындауға дейін Жамбыл облысы Жамбыл ауданы әкімінің орынбасары лауазымында еңбек етіп келді.

Бұған дейін Данияр Әбдібеков Жамбыл облыстық Құрылыс басқармасына басшы болып тағайындалғанын хабарлаған болатынбыз.

   Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить