Дзюдодан Әлем чемпионатында қазақстан құрамасына жүлде бұйырмай тұр
Әлем біріншілігінің екінші күні татамиге 2 қазақстандық спортшы шықты, деп хабарлайды Спортты дамыту дирекциясының баспасөз-қызметі.
Ерлердің бәсекесінде 66 келіге дейінгі салмақта ел намысын Ғұсман Қырғызбаев қорғаса, әйелдер арасында 52 келіде Толғанай Әбеуова өз өнерін ортаға салды.
2021 жылғы әлем чемпионатының финалисі (60 кг) Ғұсман Қырғызбаев бірінші кездесуде Панамерика чемпионатының 7 дүркін жүлдегері - Перу өкілі Хуан Постигосты иппонға түсірсе, екінші айналымда әлемдік рейтингте үшінші орында тұрған Израиль спортшысы Барух Шмаиловты қосымша уақытта жеңді. 1/8 финалда Қырғызбаев Олимпиада ойындарының екі дүркін жүлдегері, 2015 жылғы әлем чемпионы, Баку-2018, Ташкент-2022 әлем біріншіліктерінің қола жүлдегері Оңтүстік Кореяның азулы спортшысы Ан Ба Улмен күресті. Өкінішке қарай, тартысқа толы белдесуде Ғұсман «шидо» (ескерту) бойынша ұтылды.
«Әлем біріншілігіне жақсы дайындықпен, бабымда келдім. Екінші айналымда Израильдің мықты балуанын жеңдім. Үшінші кездесуге келер болсақ, қарсыласыма «шидо» бойынша ұтылдым. Бірақ, ескертулерді не үшін бергенін түсінбедім», - деді Ғұсман Қырғызбаев Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметіне берген сұхбатында.
Алғашқы әлем чемпионатына қатысқан 21 жастағы Толғанай Әбеуова бір белдесу ғана өткізіп, Оңтүстік Кореяден келген қарсыласына есе жіберді.
9 мамыр күні жарыс жолына 3 дзюдошымыз шығады. Әйелдер арасында 57 келіге дейінгі салмақта Бақыт Құсақбаева сынға түссе, ерлерімізден 73 келіде Жансай Смағұлов пен Данияр Шамшаев шеберлік байқасады.
Вам может быть интересно: «Факт торговли новорожденным выявили в Мангистауской области»