Жеңіс Қасымбек құрылыс салушылардың жаман әдеті туралы айтты

Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек Instagram парақшасында бірқатар тұрғын үй кешенінің тұрғындарымен кездескенін мәлім етті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

«Ақтау Сити» ТК, «Sapsan» ТК, «Қазанат 2» ТК, «Әскер 1» ТК проблемалы тұрғын үй кешендерінің тұрғындарымен кездесті. Нысандарда құрылыс жұмысы тоқтап тұр немесе қарқыны өте баяу. Құрылыс салушылардың нашар әдеті бар – көзге көріну үшін арнайы техникаларды тек тұрғындармен және мемлекеттік органдармен кездесу кезінде ғана жеткізеді.

Аталған тұрғын үй кешендері бойынша бірқатар құрылыс салушы ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің бірнеше бабы бойынша жауапқа тартылды. Осы тұрғын үй кешендерінің аяқталуын бақылауда ұстайтын боламыз. Құрылыс компаниясына қарқынды жұмыс жүріп жатқанын тек көзге көріну үшін ғана жасауына жол бермейміз. Құрылыс жұмыстарының нақты қарқыны болмаса, іс қозғау үшін құзырлы органдарға жүгінетін боламыз. Өйткені бұл үйлер бірнеше жыл бұрын аяқталуы керек еді.

Қаладағы құрылысы ұзаққа созылған нысандарға келетін болсақ, биыл қалған объектілерді аяқтауды жоспарлап отырмыз. Яғни, бұл 30-дан астам тұрғын үй», – деп жазады Жеңіс Қасымбек.

Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
Выбор редактора
Ошибка в тексте