Астанада аутизммен ауыратын балаларды қолдауға арналған жарыс ұйымдастырылады
Астаналықтар аутизмі бар балаларды қолдау мақсатында Run for autism қайырымдылық жарысына қатысуға шақырылады. Спорттық іс-шара 29 сәуір күні елордада өтеді, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің ресми сайты.
Run for autism қайырымдылық жарысы Дүниежүзілік аутизм туралы ақпарат тарату күніне арналған.
Іс-шара аутизм туралы халықтың хабардарлығын арттыру, осы диагнозы бар адамдардың өмір сүру сапасын жақсарту және олардың қоғамнан өз орнын табуы мақсатында өткізіледі.
Жарыс 29 сәуір күні таңғы сағат 8-де Триатлон саябағында өтеді.
Жиналған қаражат аутизмі және басқа да ақыл-ой кемістігі бар балаларды қолдау мақсатында «Болашақ» корпоративтік қорының «Әрбір бала мектепке лайық» бағдарламасына бағытталатын болады.
Жарыс төрт қашықтыққа өтеді:
• 1 км – 4 990 теңге.
• 2,5 км – 5 990 теңге.
• 5 км – 6 990 теңге.
• 10 км – 7 990 теңге.
Жарысқа қатысушылар арасында бағалы сыйлықтары бар ұтыс ойыны өтеді. Онда смартфондар, фитнес-клубқа жылдық абонемент, велосипедтер, шлемдер, сондай-ақ клиникада толық тексерілуге болатын жолдамалар бар.
Ерекше қажеттілігі бар балалар үшін «Көңілді старттар» тегін ойын-сауық спорттық бағдарламасы ұйымдастырылады. .
Вам может быть интересно: «Қосшыда 5 жасар баланың терезеден құлап кетуіне байланысты полиция іс қозғады»