Қазақстандық ауыр атлет әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды
Қазақстандық Нұрдос Сабыр жасөспірімдер арасында ауыр атлетикадан Албанияның Дуррес қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында күміс жүлдегер атанды,
«Спортты дамыту дирекциясы» РМҚК-ның баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, қазақстандық ауыр атлет 89 келіге дейінгі салмақта бақ сынады.
Қоссайыс қорытындысында Нұрдос 321 келіні (145+176) бағындырып, күміске ие болды. Ол жұлқа көтеруде жеңімпаз атанса, серпе көтеруде 2-орыннан көрінді.
Барлығы 57 елден 268 ауыр атлет қатысып жатқан әлем біріншілігінде бұған дейін Ерасыл Сәулебеков 73 келіге дейінгі салмақта (137+168) 305 кг нәтижемен чемпион атанған еді.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын ауыр атлетикадан әлем чемпионатында Таисия Алексееваның күміс алғанын жазған болатынбыз.
Вам может быть интересно: «По меньшей мере 10 человек погибли при пожаре на пароме на Филиппинах»
Подписывайтесь на нашу страницу в Facebook