Наурыздың соңғы күндері ел аумағында 22 градусқа дейін аяз болады

2915

Республиканың басым бөлігіне белсенді фронттары бар оңтүстік циклон әсер етіп, осыған байланысты қолайсыз ауа райы сақталады, деп хабарлайды Қазгидромет .

Республиканың көп жерінде жаңбыр, солтүстікте жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын жауады.

31 наурыз-1 сәуір аралығында батыста қатты жауын жауады, 30-31 наурызда шығыс пен оңтүстікте, 30 наурыз-1 сәуірде республиканың оңтүстік-шығысында қатты жауын-шашын түсіп, жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын болжанып отыр.

31 наурыздан бастап солтүстік-батыс антициклонының келуімен республиканың солтүстік жартысында жауын-шашын тоқтап, басым бөлігінде ауа температурасы төмендейді.

Синоптиктер болжамынша, батыста ауаның температурасының түнде 2-7 градусқа дейін төмендеп, күндіз 7-15 градус жылы болады.

Республиканың солтүстігінде, солтүстік-батысында және орталығында температура төмендейді - түнде 7-13 градус аяз, күндіз -2 градус +3 градус жылы болады.

Шығыста ауаның температурасы түнде 10-22 градусқа дейін төмендесе, күндіз 5 градус аяздан 3 градусқа дейін жылы болады.

Оңтүстік облыстарда түнде 0-5, күндіз 3-13 градус жылы болады.

   Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить