Қарағандыда жаяу әйелді қағып өлтірген экскаватор жүргізушісі қашып кетті

2876

 29 наурыз күні Қарағанды қаласының Магнитогорск көшесіндегі автобус аялдамасының маңында экскаватор жаяу жүргіншіні қағып кетті, деп хабарлайды полиция.

Жол апатынан 62 жастағы әйел оқиға орынында мерт болған.

Ал оны қағып кеткен жүргізуші ол жерден қашып кеткен. Аталған дерек бойынша қалалық полицияның барлық жеке құрамына бағыттама берілді.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында жаяу жүргіншіні қағып кетті деген күдікпен 61 жастағы экскаватор жүргізушісі ұсталды.

ҚР ҚК 345-бабы 3-тармағына сәйкес қылмыстық іс қозғалды.

Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

   Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить