Ақмола тұрғыны құрылыс алаңында бір қолынан айырылды

1507

Ақмола облысында құрылыс жұмыстары кезінде 49 жастағы ер адамның қолын бетон араластырғыш жұлып әкетті, деп хабарлайды облыстық полиция департаменінің баспасөз қызметі.

Ведомствоның мәліметінше, Көкшетау қалалық ПБ кезекші бөліміне облыс орталығындағы медициналық мекеменің қызметкері хабарласқан.

Ол станционарға «оң жақ білектің үштен бір бөлігінің травматикалық ампутациясы, оң жақ иықтың жабық сынуы» диагнозымен ер адам жеткізілгенін айтты.

«Анықталғандай, жазатайым оқиға биылғы 28 наурызда болған. Құрылыс жұмыстары кезінде ер адамның қолы бетон араластырғышқа қысылып қалған. Зардап шеккен Щучинск қаласының 49 жастағы тұрғыны ауруханаға жатқызылды. Полиция басқармасы осы дерекке қатысты ҚР ҚК 156-бабының 2-бөлігі «еңбекті қорғау ережелерін бұзу» бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады», - деді ведомстводан.

Сонымен бірге, қазіргі кезде мемлекеттік еңбек инспекторы тарапынан тексеріс қолға алынып, сот-медициналық сараптама тағайындалды.

Айта кетсек, бұған дейін Ақмола облысында қонақта отырғанда өңешіне ет тұрып қалған ер адам қайтыс болған еді.

   Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить