Қарағанды облысында Saran индустриялық аймағында тұрмыстық техника зауытының құрылысы жүргізілуде

1672

Қарағанды облысында Saran индустриялық аймағында тұрмыстық техника зауытының құрылысы жүргізілуде. Кәсіпорын жылына миллионға дейін өнім шығарады және шамамен 1200 адамды жұмыспен қамтамасыз етпек. Өңір колледждерімен бірлесіп кадрлар даярлау басталды, деп хабарлайды өңір әкімдігі
Облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаев Саранға жұмыс сапары барысында индустриялық аймаққа барды. Өңір басшысына жобаның іске асырылу барысы туралы баяндалды.

«Қазіргі уақытта бұрынғы РТБ зауытының аумағында өндіріс алаңын дайындап жатырмыз. Құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргіземіз. Жабдықтарды жеткізу мәселелері шешілуде. Біздің серіктесіміз – «Артель» өзбек компаниясы. Шахтинск колледжінің базасында кадрлар даярлау басталды. Ташкентте тағылымдамадан өтетін кандидаттар тобын жинап үлгердік», – деді «Silk Road Electronics» ЖШС директоры Талғат Әбдірахманов.

Зауыт кір жуғыш машиналар, теледидарлар, шаңсорғыштар, газ плиталарын және басқа да жабдықтар шығарады. Бірінші кезеңде 300–400 жұмыс орнын, ал толық қуатқа шыққан кезде – 1200 жұмыс орнын құру жоспарлануда.

Моноқала үшін зәкірлік өндірістердің құрылуы РТБ шағын ауданының дамуына ықпал етті. Мұнда төрт көпқабатты үй қалпына келтірілді.

Тағы 14-і кезең-кезеңімен қайта жөнделеді. Инфрақұрылымға да назар аударылады. Қалпына келтірілетін үйлерге инженерлік коммуникациялардың құрылысы жүргізілуде. № 7 мектеп-интернатты күрделі жөндеу жоспарлануда.

Ермағанбет Бөлекпаев қалпына келтіріліп жатқан шағын ауданға келіп, тұрғындармен әңгімелесті. Аралау барысында өңір басшысы мектепке кіреберіс жолдарды асфальттауды тапсырды.

“Индустриалды аймақтың пайда болуымен РТБ шағын ауданының әлеуеті көтерілді. Бірте-бірте ол дамиды. Біз жайлы өмір сүру жағдайларын қамтамасыз етуге тырысамыз”, – деді облыс әкімі.

Өңір басшысы салынып жатқан Саран қазандығына да барып қайтты. Мұнда жабдықты орнату жұмыстары жүріп жатыр.

Төрт жаңа энергия үнемдейтін қазандық орнатылды. Жұмыс кестеге сәйкес жүреді.

Жұмыс сапары барысында Ермағанбет Бөлекпаев Саранның өнеркәсіптік кәсіпорындарына да барды. Ол кабельдік-өткізгіш, телекоммуникациялық, энергетикалық және теміржол өнімдерін шығаратын «KCEP» ЖШС қызметімен танысты. Компания ішкі нарықтың қажеттіліктерін қамтамасыз етеді және экспортқа жұмыс істейді.

Сонымен қатар, өңір басшысы «Sunpaper» ЖШС қағаз өнімдерінің өндірісін тексерді.

   Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить