Қазақстаннан шетелге аударылған қаражат сомасы өсті - ҰБ

1715

Өткен жылы халықаралық ақша аударымдары жүйесі арқылы жүрген ақшалай аударымдарың жиынтық көлемі 1,8 трлн теңгені құрады. 2021 жылмен салыстырғанда операциялардың 32,7%-ға өскен. Бұл туралы  Ұлттық банк хабарлайды.

Операциялардың негізгі үлесі Қазақстан мен басқа елдер арасындағы трансшекаралық ақша аударымдарына тиесілі – 94,7%. 2022 жылы шетелге жіберілген және шетелден алынған ақша аударымдарының орташа сомасы іс жүзінде бірдей: тиісінше 415 мың теңге және 413 мың теңге болды.

Бұл ретте Қазақстаннан шетелге жіберілген ақша аударымдары сомасы 2,4%-ға біршама өсе түскен тұста ХААЖ арқылы басқа елдерден алынған ақшалай аударымдардың көлемі айтарлықтай (2,4 есе) өскені байқалады.

2022 жылы ХААЖ арқылы ақша аударымдарының көбеюі Ресейден (өсім 6,8 есе), Қырғызстаннан (өсім 2,8 есе) және АҚШ-тан (өсім 33%-ға) орындалған ақша аударымдары көлемінің өсуімен байланысты болды.

   Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить