Қазақстан геосаяси жағдайды пайдаланып, экспортты ұлғайтты

3156

 Өткен жыл Қазақстанның сыртқы саудасы үшін өте табысты болды. Бұл соңғы он жылдағы ең үздік көрсеткіш. 2012 жылдан бері алғаш рет экспорт құндық мәнде 40%-ға өсті. Соңғы мәліметтерге сәйкес, былтыр Қазақстаннан жеткізілген тауарлар көлемі 84,4 млрд АҚШ долларын құрады, деп хабарлайды  Ranking.kz ресурсы 

2022 жылдың тағы бір рекорды елдің шикізаттық емес экспортының көлеміне қатысты. Ол 2012 жылғы ең жоғары деңгейден асып, 26,5 миллиард долларға жетті. Оның ішінде 8 млрд АҚШ доллары жоғары өңделген тауарлардың экспорты.

Бірегей экспорт қатарына атом электр станцияларының ядролық реакторларына арналған жылу бөлетін элементтері (уран өзектері) жатады. Оны Өскеменде «Үлбі-ТВС» ЖШС яғни Қазақстан-Қытай бірлескен кәсіпорны өндірді. 2022 жылдың желтоқсанында Қытайдың CGNPC-URC ядролық корпорациясы үшін осындай құрылымдардың алғашқы жеткізілімі жасалды. QazTrade сауда саясатын дамыту орталығы АҚ (акционер - ҚР Сауда және интеграция министрлігі) деректеріне сәйкес, қазақстандық тарап бұл тапсырыс үшін 51,1 млн АҚШ долларын алды.

Өткен жылы Қытай мен Ресей еліміздің жетекші сауда серіктестеріне айналды. Аталған екі елдің сыртқы тауар айналымындағы жалпы үлесі 37%. Ресей Федерациясы 2021 жылдағыдай өткен жылы да көшбасшы ел болды. Қазақстан-Ресей сауда операцияларының көлемі былтыр 26,1 млрд АҚШ долларына жетті (+ 6,1%). Бұл соманың басым бөлігін Ресей тауарларының Қазақстанға импорты құрады. Сонымен қатар Қытаймен сауда да жақсы жүрді, елдер өзара 24,1 миллиард АҚШ долларына (+34,1%) сауда-саттық жасасты. Алайда, Ресеймен сауда-экономикалық байланыстардан айырмашылығы, Қытай Қазақстан үшін бірінші кезекте өткізу нарығы (өзара саудадағы экспорттың үлесі 54,5%), содан кейін ғана жеткізуші рөлін атқарады.

Сауда серіктестерінің бестігіне қазақстандық шикізатты жетекші импорттаушы елдер Италия (басты мұнай сатып алушы), Түркия және Оңтүстік Корея кірді. Өткен жылы бұл елдермен ақшалай сауда айтарлықтай өсіп, мұнай бағасының өсуі есебінен Италиямен сауда 54,1%-ға, ал Оңтүстік Кореямен 2,3 есеге өсті.

QazTrade сарапшыларының пікірінше, геосаяси жағдайға байланысты әлемдік саудадағы өзгерістер жалпы Қазақстан экспортына оң әсерін тигізді. Экспорттық себетті әртараптандыру деңгейінің жоғарылауы байқалды. Қазақстан тауарлардың көп түрін сата бастады (2,9 мыңнан 3,4 мыңға дейін), ал экспорттық нарықтар саны 122-ден 129-ға дейін өсті.

Ресей мен Беларуське қарсы батыстық санкциялар негізгі еуропалық жеткізушілерді жаңа нарық іздеуге мәжбүр етті, Ресей де өзінің сауда саясатын өзгертті. Бұл өзгерістер еліміздің экспорт ағынына әсер етті. Мысалы, Қазақстаннан Беларуське тас көмірді жеткізу өткен жылы 93,6%-ға-1,8 млн-нан 119,7 мың тоннаға дейін қысқарды. Алайда, Қазақстан Еуропадағы энергетикалық дағдарысты ескере отырып, тауар сатып алушыларды тез тапты. Олар біздің отынды қуана сатып алды. Атап айтқанда, Польша 1,5 миллион тонна импорттады (2021 жылмен салыстырғанда 10 есе көп), Латвия 752,8 мың тонна сатып алды (бір жыл бұрын жеткізілім болған жоқ), Түркия мен Кипрдің сұраныстары өсті. Жалпы, әлемдік нарықтарда көмірге сұраныс жоғары болды, Қазақстанның осы шикізатты сатудан түскен экспорттық кірісі 89,3%-ға ұлғайды.

Қазақстанда өсімдік майы өндірісінің көлемі дер кезінде ұлғайды. Өткен жылы аталған нарықта өзгерістер болды. Егер бұрын Қытай мен Өзбекстан Ресей мен Украинадан ірі көлемде өнім сатып алса, 2022 жылы жеткізілім төмендеді. Осылайша Қазақстан көршілеріне өз майын ұсынып, тараптар келісті.

ҚР Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша, өткен жылы Қытай елімізден май импортын төрт есеге, ал Өзбекстаннан екі есеге арттырды.

Қазақстан үшін тағы бір қолайлы тренд Ресейдің орасан зор нарығында еуропалық компанияларды алмастыру болды.

Мысалы, QazTrade мамандарының айтуынша, өткен жылы аустралиялық алюминий жеткізушілері Ресейден сауда санкцияларына байланысты кеткен. Өз кезегінде Ресей қазақстандық өнімнен бас тартқан жоқ. Сонымен қатар, алюминийді өндіру үшін осы шикізатты Қазақстаннан тасымалдау Аустралияға қарағанда жылдамырақ болады. Жаңа келісімшарттардың арқасында біздің еліміз Ресей Федерациясына алюминий тотығын жеткізу көлемін екі есеге арттырды - 378,1 мыңнан 745,4 мың тоннаға дейін артты.

Еуропа мен Ресей арасындағы логистикадағы қиындықтар қазақстандық балық жеткізушілерге де әсер етті. Олар Германияға филе экспортын 62,9%-ға, Литваға-56,5%-ға, Нидерландыға-48,7%-ға арттырды. Біздің бренд - көксерке.

Еліміз Ресейге экспортталатын тауарлар бойынша жеткізілімді арттырды. Бұл экспорттың жалпы статистикасынан айқын көрінеді. 2022 жылы ол 26,9%-ға, 6,9 млрд-тан 8,8 млрд АҚШ долларға дейін өсті.

Алайда, Қазақстанның ұтылған жағы да бар. Мысалы, санкцияларға байланысты темір рудасын жеткізу 70%-ға төмендеді. Ресей бұл тауардың негізгі сатып алушысы болғанын ескере отырып (2021 жылы үлесі 66,7% құрады), бұл нарықтың орнын тез табу мүмкін болмады. Нәтижесінде еліміз темір кендерін сатудан түскен экспорттық түсім екі есе яғни 1,6 млрд-тан 713,3 млн АҚШ долларға дейін төмендеді.

   Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить