Тұман, жел, қар: Синоптиктер алдағы үш күннің ауа райы болжамын жариялады

2296

 Синоптиктер болжамына сәйкес, Қазақстан аумағының батыс бөлігі төмен қысымның ықпалында болып, күн құбылмалы болады. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК хабарлайды.

«Сонымен қатар, фронталды бөліктердің өтуімен 29 наурызда солтүстікте, күндіз орталықта, 29-30 наурызда шығыста жауын-шашын (жаңбыр, қар), 30 наурызда күндіз қалың қар жауып, жаяу бұрқасын болады, 29-30 наурыз күндері еліміздің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында найзағай жарқылдап, жауын жауады. Республика бойынша тұман болып, жел күшейеді, оңтүстік-батыста шаңды дауыл, солтүстік пен шығыста - көктайғақ күтіледі. 30 наурызда еліміздің солтүстігінде, шығысында және орталығында ауа температурасы күндіз 5 градус аязға дейін төмендейді деп күтілуде», - делінген хабарламада.

   Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить