Үстел теннисінен VI жазғы Спартакиада мәресіне жетті

2258

Қарағанды қаласындағы Saryarka орталығында өткен үстел теннисінен VI жазғы Қазақстан Спартакиадасының жеңімпаздары анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ерлер арасында жекелей сында елордалық Кирилл Герасименко қарағандылық Алан Құрманғалиевтен басым түсті. Финал 4:1 есебімен тәжірибелі ойыншының пайдасына аяқталды.

Аралас жұптық сында Зәуреш Акашева мен Владислав Захаров дуэті Кирилл Герасименко мен Анастасия Ловроваға төтеп бере алмады. Есеп – 0:3.

Бекұлан Жамал/Сарвиноз Миркадирова (Шымкент);

Алан Құрманғалиев/Арай Ашкеева (Қарағанды облысы).

Әйелдер арасында шымкенттік Сарвиноз Миркадирова мен Анель Бақыт жұбы батыс Қазақстан облысынан келген Гүлчехра Хусейнова мен Алсу Сапарованы ұтты.

3-орын – Юлия Даниярова/Алина Дубровская (Қостанай облысы);

Айя Әлімбаева/Валентина Успанова (Алматы).

Алан Құрманғалиев пен Владислав Захаров екеуі финалда ағайынды Кирилл және Александр Герасименкодан басым түсті. Қола медаль: Денис Жолудев/Сагантай Құрмамбаев (ШҚО) пен Бақдәулет Әкімәлі/Бекұлан Жамал (Шымкент).

Командалық сайыста Қарағанды облысы финалда Шығыс Қазақстан облысын 3:1 есебімен жеңді. Алан Құрманғалиев, Владислав Захаров, Темірлан Ким, Әмір Торғайбеков, Райымбек Келбұғанов чемпион атанды. Күміс медаль Денис Жолудев, Сағантай Құрмамбаев, Сергей Коновалов, Кирилл Сотник, Арнұр Оралхановтың еншісінде.

Әйелдер арасында да Қарағанды облысының құрамасы қарсылас шақ келтірген жоқ. Зәуреш Акашева, Арай Ашкеева, Жанерке Көшкімбаева, Александра Смирнова, Виктория Мочалкина бестігі финалда Шымкент командасын сенімді ұтты. Есеп – 3:1.

Күміс жүлдегерлер – Анель Бақыт, Сарвиноз Миркадирова, Гүлноз Камилжанова, Малика Расулметова, Ақниет Амангелді.

Жалпы есепте Қарағанды облысы чемпион атанса, Астана қаласы 2-ші, Шымкент қаласы 3-орынға тұрақтады.

Спартакиада қорытындысы бойынша Ұлттық құрама жасақталады. Еліміздегі барлық ойыншы осында келді. Бәрінің нәтижесін бақылап отыруға тырыстым. Қазір үстел теннисінің барлық өңірде дамып келе жатқаны қуантады. Бұрын тартыс Алматы, Астана мен Павлодар арасында өтетін. Бұл жолы 7-8 команда бір деңгейде жүлдеге таласты. Ұлттық құрама жасақтайтын кезде қиналайын деп тұрмыз. Бірінші және екінші номірлі спортшылар финалда өнер көрсетті. Шеберлігі шыңдалған алматылық Айдос Кенжеғұлов пен Анастасия Ловрова сынды ойыншыларды атап өте алам. Олардың арасынан Ұлттық құраманың 3-номірлі теннисшісін таңдаймыз
, - деді Ұлттық құраманың бас бапкері Эльмира Алиева.

Спортшыларды марапаттау рәсіміне ҚР МСМ Спортты дамыту дирекциясы директорының орынбасары Азамат Имашев, Қазақстан үстел теннисі федерациясының атқарушы хатшысы Данил Пак, Қарағанды облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Темірхан Абылаев қатысты.

Айта кетейік, 20 наурызда басталған үстел теннисі бәсекесіне 20 өңірден 180-нен астам спортшы қатысты.

   Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить