Үндістандағы турнирден шыққан шу: Қазақстан шахмат федерациясы түсініктеме берді

3720

Қазақстан шахмат федерациясы Үндістандағы Гран-при турнирі айналасынан шыққан келіспеушілікке қатысты түсініктеме берді.

- Қазақстан шахмат федерациясы осы турнирге қатысты барлық мәселелер ФИДЕ мен Үндістандағы турнирді ұйымдастырушыларының құзырында екенін айтуды жөн санайды.

Федерация өз тарапынан қазақстандық спортшыларға қолдау білдіреді және әлемде әйелдер арасындағы шахмат турнирлерін ұйымдастыру деңгейі арта түседі деп үміттенеді.

ҚШФ ФИДЕ және басқа да мүдделі тараптармен орын алған жағдайды талқылауда.
Шахматтан еліміздің әйелдер құрамасы – отандық спорттың мақтанышы болып табылады. Біздің атақты шахматшыларымыз бір сәттік келіспеушіліктерді шеше алатынына және өз жанкүйерлерін жаңа жеңістерімен қуанта беретініне сенімдіміз.

Ол үшін Федерация барлық қажетті жағдайды жасайды, - делінген федерацияның ресми сайтында жарияланған хабарламада

   Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить