Әлемнің экс-екінші ракеткасын жеңген Рыбакина: Матч өте ауыр болды

3902

Қазақстанның бірінші, әлемнің 7-ракеткасы Елена Рыбакина Майами WTA 1000 турнирінің үшінші айналымында испаниялық Паула Бадосамен өткен ойынға пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстандық спортшы матчтың өте ауыр болғандығын жеткізді.

«Мен бірінші сетті нашар өткіздім, дегенмен біртіндеп өз күшімді таба білдім. Доп беруге назар аударып, кортта жылдамырақ қимылдауға тырыстым. Шынында да бұл ауыр тиді. Әр сәт сайын жинақы ойнауға тырыстым, өйткені бірінші сет менің пайдама шешілген жоқ. Бірнеше қате жібердім. Тұтастай алғанда, жақсы өнер көрсеттім. Паула допты жақсы берді. Мен үш сетте жеңгеніме қуаныштымын», деді Е.Рыбакина.

photo

Қазақстандық теннисші төртінші айналымда әлемнің 39-ракеткасы, бельгиялық Элиза Мертенспен кездеседі. Ол хорватиялық Петра Мартичті жолдан тайдырды – 6:4, 6:3.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Елена Рыбакина Майами мастерс турнирінің төртінші айналымына шыққанын жазған болатынбыз.

   Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить