Алдағы күндері еліміздің басым бөлігінде күн ашық болады

6062

 Қазақстан аумағының басым бөлігі антициклонның ықпалында болып, күн ашық және бірқалыпты жылы болады деп күтілуде, деп хабарлайды«Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі.

Синоптиктердің мәліметінше, еліміздің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында атмосфералық қысымның төмен болуынан күн бұлтты болады, найзағай жарқылдап, жаңбыр жауады.

Республика бойынша тұман түседі деп күтілуде, оңтүстік-батыста шаңды дауыл соғады, оңтүстікте және оңтүстік-шығыста жел күшейеді. Жылдың осы уақытында температуралық фон қолайлы болады.

Осыған дейін Астанада Наурыз мейрамында күн жылынады деп хабарланған болатын.

   Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить