Қазақстан табиғат пен адамдарды қорғаудағы жоғары амбициялар коалициясына қосылып қабылдады

4724

2023 жылғы 16 наурызда ҚР Экология және табиғи ресурстар вице-министрі Н. Шәрбиев Ұлыбританияның Шетелдегі аумақтар, достастық, энергетика, климат және қоршаған орта істері министрі Зак Голдсмит лордпен онлайн кездесу өткізді.

Кездесу барысында Қазақстан Республикасында биоалуантүрлілікті сақтау, Қазақстанның табиғат пен адамдарды қорғау үшін жоғары амбициялар коалициясына қосылуға дайындығы мәселелері талқыланды.

Айта кету керек, Қазақстан көптеген халықаралық конвенциялардың (Биоәртүрлілікті сақтау Конвенциясы, Рамсар Конвенциясы, CITES және т.б.) жақтаушысы ретінде биоәртүрлілік пен негізгі экожүйелерді сақтау бойынша ауқымды жұмыс жүргізуде. Жалпы Қазақстанда әртүрлі санаттағы 119 ЕҚТА бар, олардың жалпы ауданы 29,3 млн. гектардан асады.

Н.Шәрбиев атап өткендей, Қазақстанда елдің ормандылығын арттыру, ақбөкендердің санын қалпына келтіру, тіршілік ету ортасын қалпына келтіру және жолбарысты кейіннен реинтродукциялау үшін жем-шөп базасын құру бойынша үлкен жұмыс жүргізілді.

Өз кезегінде Лорд Зак Голдсмит Қазақстанды «Алтын Дала» бастамасы бойынша жетістіктерімен және оған БҰҰ-ны қалпына келтірудің әлемдік флагманы мәртебесін беруімен құттықтады.

Тараптар Қазақстанның табиғат пен адамдарды қорғаудағы жоғары амбициялар коалициясына қосылуға дайындығы (30x30 жаһандық мақсатқа жету бойынша) және көшбасшылардың табиғатты қолдаудағы міндеттемелері туралы мәселелерді талқылады.

Кездесу аясында Н.Шәрбиев министрлік Қазақстанның жоғары амбициялар коалициясына қосылуының артықшылықтарын көріп отырғанын, бұл Қазақстандағы ЕҚТА желісін дамытуды қолдау үшін халықаралық қорлардан инвестициялар тартуға оң ықпал ететінін атап өтті.

«Қазақстанның 30% құрлықты қорғауды қамтамасыз ету мақсатына қол жеткізуге әлеуеті бар. Өйткені, 30х30 тұжырымдамасы қорғалатын аумақтардың тізбесіне мемлекеттік қорғалатын аумақтар ғана емес, сонымен қатар қорғалатын аумақтардың басқа да нысандары кіруі мүмкін және Қазақстан жағдайында бұл аңшылық шаруашылықтары болуы мүмкін деп болжайды. Аңшылық шаруашылықтарының аумақтары күзетпен қамтамасыз етілген және бұл аумақтарда шаруашылық қызметтің жекелеген түрлері бойынша шектеулер де бар. Қазақстандағы аңшылық алқаптардың жалпы ауданы 143 606 мың га құрайды және бұл ел аумағының 52% - «құрайды», - деді Н. Шәрбиев.

Кездесу қорытындысы бойынша «табиғат пен адамдарды қорғаудағы жоғары амбициялар коалициясына» қосылу және «көшбасшылардың табиғатты қолдау жөніндегі міндеттемелерін» қабылдау туралы шешім қабылданды.

   Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить