Yasawi University клиникасында алғаш рет бас миы тамырларына ота жасалды

4822

Ахмет Ясауи университетіне қарасты Клиника-диагностикалық орталығында алғаш рет бас миы тамырларына ангиографиялық ота жасалды. Мұндай ота Түркістан қаласы бойынша да бірінші рет жасалып отыр.

Нейроинтервенциялық ота бұрын инсульт алған адамдарда оның қайталанбауына көмектеседі. Күрделі операцияны университет түлегі, нейрохирург Еркін Медетов жасаған. Оның сөзінше, бұл отаның ерекшелігі - денеге пышақ тимейді. Арнайы құрылғылармен тамыр ішінен ем-дом жасалады. Ең негізгі аппарат «Ангиограф» деп аталады.

Айта кетерлігі, мұндай аппарат Түркістан облысы бойынша тек Ясауи университетінің клиникасында ғана бар. Бұған дейін бұл аппаратпен кардиохирургиялық операциялар жасалып келген, енді міне бас миы тамырлары отасына да қолданылады. 

   Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить