Түркістандық полицейлер заңсыз ауланған 160 келі балық тәркіледі
18 марта 2023
Тәртіп сақшылары Шардара су қоймасының Аққұм учаскелік аумағында күмәнді Volkswagen Passat автокөлігін тоқтатқан. Жүргізушінің құжаттарын тексерген, деп хабарлайды polisia.kz.
Көліктің жүк салғышынан заңсыз ауланған 3 қап балық табылды. Күдіктіден 1 үрмелі қайық, балық аулауға арналған құралдар мен жалпы салмағы 160 келі түрлі балық тәркіленді.
ҚР ҚК-нің 335-бабымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды.
Табиғатқа залал келтірген тұрғын полицияға жеткізілді.
Вам может быть интересно: «ШҚО-да су тасқыны қауіпті жерлерге әуеден барлау жүргізілді»
4058 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях: