Премьер-министрдің ҚР шекарасындағы өткізу қабілеттілігін арттыру жөніндегі тапсырмаларының орындалу барысы туралы

2686

Премьер-министр А. Смайыловтың басшылығымен Қытаймен шекарадағы өткізу пункттерінің өткізу қабілетін арттыру туралы кеңес өтті. Мемлекеттік кірістер комитеті, Шекара қызметі "Атамекен" ҚР ҰКП және басқа да мемлекеттік органдармен бірлесіп "Нұр Жолы"өткізу пунктінде экспорттық-импорттық операцияларды ұлғайту бойынша шаралар кешенін жүргізді.

Өткізу пунктінің жұмыс уақыты ұлғайтылды, Қазақстанның тасымалдаушылары мен жүргізушілеріне визалық қолдау көрсетіледі, электрондық кезек жүйесінің функционалы жақсарады. Өңір әкімдігі мен жергілікті құқық қорғау органдары құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету бойынша қолдау көрсетеді.

"Атамекен" ҚР ҰКП тасымалдаушылармен және сыртқы экономикалық қызметке қатысушылармен ҚХР-ға кіру үшін барлық заңнамалық талаптарды сақтау қажеттілігі туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.

14-17 наурыз аралығында жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде Қытайдан Қазақстанға жүктерді өткізу үш есеге өсіп, тәулігіне 500-ден астам машинаны құрады. Қазақстаннан Қытайға шығу екі есеге артып, тәулігіне орта есеппен 200 көлік құралына жетті.

Қытаймен шекарадағы өткізу пункттерінің тауар айналымы мен өткізу қабілетін арттыру жөніндегі жұмыс жалғастырылатын болады. 

   Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить