Алматы облысының прокурорлары газды қосу бағасын 350 мың теңгеге дейін төмендетуге қол жеткізді

2441

Прокуратура және әкімдік бірлесе отырып Алматы облысының аумағында абоненттерді орталық газбен жабдықтау желілеріне қосу құнын төмендетуге бағытталған «Халыққа қолжетімді газ»жобасын іске қосты.
Жұмыс тобы құрылып, оның құрамына прокуратура, әкімдік және облыстың газ шаруашылықтары қауымдастығы кіргізілді.

Аталған топтың жұмыс нәтижесінде қазіргі уақытта абонентті қосудың шекті құнының сомасы 350 мың теңгеден аспайтын мөлшерде бекіту туралы келісімге қол жеткізілді.

Бүгін газ шаруашылықтары қауымдастығы мен әкімдік арасында алғашқы меморандумға қол қойылатын болады.

Меморандум облыстың 3 ауданының 11 ауылдық округтерін қамтуда.

Сондай-ақ, газшылар халықтың әлеуметтік осал топтарын жеңілдетілген шарттармен қосуды жалғастыратынын, және де қосылу үшін төлемді кейінге қалдыруды ұсынатынын атап өтуіміз қажет.

Жобаның қорытындысы бойынша облыстың ең көп елді мекендерін қамту және тұрғындарға қаржы жүкметесін азайту жоспарлануда.

   Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить