ҚР Ауыр атлетика федерациясының президенті болып Жанат Түсіпбеков сайланды
18 марта 2023
17 наурызда Астанада Қазақстан Республикасы Ауыр атлетика федерациясының сайлау конференциясы өтті. Бастапқыда федерация президенттігіне екі үміткер – Илья Ильин мен Гаджи Гаджиев жарияланды. Алайда кандидаттардың бастамасымен және федерация мүшелерінің қолдауымен Түсіпбеков Жанат Рашидұлына Федерацияны басқару ұсынылды.
Федерация мүшелері, 26 адам Жанат Түсіпбековтің кандидатурасын бірауыздан қолдады.
Естеріңізге сала кетейік, Жанат Рашидұлы 2013 жылдан 2022 жылға дейін ҚР ААФ басқарған. Оның басшылығымен біздің команда сегіз олимпиада медалін жеңіп алды (2016 жылы алты, 2020 жылы екі).
Вам может быть интересно: «ШҚО-да су тасқыны қауіпті жерлерге әуеден барлау жүргізілді»
Подписывайтесь на наш канал в Telegram
1996 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях: