Демалыс күндері ауа райы қандай болады

3806

Қазгидромет алдағы демалыс күндеріндегі ауа райы болжамын жариялады.

Демалыс күндері республиканың басым бөлігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), солтүстік, шығыс жартысында қар, жаяу бұрқасын, көктайғақ, оңтүстік жартысында жаңбыр, найзағай болады.

19 наурызда Алматы облысының, Жетісу облысының таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Жауын-шашынсыз ауа райы тек еліміздің батысында болжанады.

ҚР солтүстік-батысында, солтүстігінде, орталығында, шығысында ауа температурасы түнде 7-20 градусқа, ал күндіз 0-8 градусқа дейін төмендейді.

   Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить