Маңғыстауда 120 келіден асатын бекіре балығы тәркіленді

4037

"Браконьер" республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында ағымдағы жылдың 10 наурызында Маңғыстау облысы ПД патрульдік полиция ротасының қызметкерлері Ақтау-Форт-Шевченко тас жолының 29-шы шақырымында табиғатты қорғау полициясымен бірлесіп Lada 2112 маркалы күдікті автокөлікті тоқтатты, деп хабарлайды polisia.kz. Автокөлікті тексеру барысында жүксалғышта жалпы салмағы 124 келі болатын 33 дана заңсыз ауланған бекіре балығы табылып, тәркіленді.

Полицейлер 26 жастағы күдікті азаматты ұстады. Тәркіленген балық "Kazakh Osetr" ЖШС-не тапсырылды. Өзге ақпарат тергеу мүддесі үшін жария етілмейді.

Бұл дерек ҚР ҚК 339-бабы (өсiмдiктердің немесе жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе дериваттарымен заңсыз айналысу) бойынша Түпқараған ауданы полиция бөлімінің сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде тіркелген. 

   Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить