Елордада пәтер өртеніп, 26 адам құтқарылды

Астанада пәтер өртеніп, 26 адам құтқарылды, деп хабарлайды ТЖМ.

«Өрт сөндіру қызметіне 21 ақпанда сағат 12-26-да Астанадағы Қосшығұлұлы көшесі, 22/1 мекенжайындағы пәтердің өртеніп жатқаны туралы ақпарат түсті. Құтқарушылар оқиға орнына келгенде 2-қабаттағы пәтердің 25 шаршы метр аумақты құрайтын жиһаз бен үй заттары жанып жатқаны анықталды. Өртті сөндіру кезінде 26 адам құтқарылды, оның ішінде 13 бала бар. Бұған қоса 125 адам эвакуацияланды», - делінген хабарламада.
Өртті сөндіруге Астана қаласы ТЖД жеке құрамының 18 адамы және 4 бірлік техникасы жұмылдырылды.

Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
Выбор редактора
Ошибка в тексте