Қазақстан елшісі Норвегия короліне сенім грамотасын тапсырды

Қазақстанның Елшісі Әділ Тұрсынов Ослодағы Король сарайында Норвегия Королі Харальд V-ге сенім грамотасын тапсырды.

Салтанатты рәсімнен кейінгі ресми қабылдау кезінде Норвегия Королі Қазақстанның заманауи дамуына қызығушылық танытып, Осло мен Астана арасындағы достық қарым-қатынастардың маңыздылығын атап өтті.

Өз кезегінде қазақстандық дипломат Норвегия Королін елімізді жан-жақты дамыту мақсатында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бастаған ауқымды реформалардың жүзеге асырылып жатқаны туралы хабардар етті.

Сұхбаттасушылар өңірлік және жаһандық саясат мәселелерін де талқылады, сондай-ақ қазақстандық және норвегиялық спортшылардың халықаралық аренадағы бірқатар жоғары жетістіктеріне тоқталды.

Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
Популярное
Выбор редактора
Ошибка в тексте