Маңғыстауда көктайғақ салдарынан үш бағыттағы облыстық жол жабылды

Маңғыстауда көктайғақ салдарынан бірнеше жол уақытша жабылды. Бұл туралы Маңғыстау облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім етті.

«Маңғыстауда ауа райының қолайсыздығына байланысты «Ақтау-Форт-Шевченко», «Ақтау-Қаламқас», «Қияқты-Тұщықұдық» облыстық маңыздағы тас жолдар жабылды» делінген баспасөз мәліметінде.

Қазгидрометтің хабарлауынша, өңірде қатты боран соғып, көктайғақ болады.

Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
Популярное
Выбор редактора
Ошибка в тексте