Қазақстан мектептерінің үздік спикерлері финалдық турнирде пікірталастырады

4265

 120 қазақстандық оқушы 16-17 ақпанда Астанада өтетін Ұлттық пікірсайыс турнирінің финалына қатысады, деп хабарлайды  Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі.

Бұған дейін Ұлттық пікірсайыс турнирінің аудандық, қалалық, облыстық кезеңдері өтті. Оған қазақ, орыс және ағылшын лигаларынан 43 мың оқушы қатысқан болатын. Финалға 120 спикер жолдама алды. Олар білім беру ұйымдарының 9-11 (12) сынып оқушылары.

«Бағдарлама бойынша «Бірлік» танысу кеші, ынтымақтастыруға арналған тренинг, «Quiz, Please» ойын-сауық шарасы, турнир қатысушыларының әсері туралы блиц-сұхбат, экскурсия ұйымдастырылады», - дейді Оқу-ағарту министрлігі Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының директоры Раиса Шер.

Ұлттық пікірсайыс турнирінің қорытынды кезеңі астанадағы әл-Фараби атындағы оқушылар сарайында болады. Сайыстың барлық кезеңі америкалық парламенттік формат (AПФ) бойынша өткізіледі. Айта кетейік, қазіргі күні республика бойынша 6726 пікірсайыс клубы жұмыс істейді. Онда 120 мыңнан астам оқушы құқықтық мәдениетті, азаматтық белсенділікті, жауапкершілікті, шығармашылық және сыни ойлауды, командада жұмыс істеуді үйреніп жатыр.

   Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить