Қазақстан жаңалықтар
8 февраля 2023, 15:07
Атаулы жалақы 338 мың теңгені құрайды – ұлттық статистика
Қазақстанда 2022 жылдың төртінші тоқсанында атаулы жалақының орташа мәні 338 715 теңгені құрады. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросынан мәлім етті.
«2021 жылдың төртінші тоқсанымен салыстырғанда өсім 22,9%, нақты мәнде 2,8% құрады. Жалақының медианалық мәні (жалақы қатарының орталық деңгейі) 2022 жылғы төртінші тоқсанда бағалау бойынша 204 168 теңге болды», - делінген ведомство мәліметінде.
Бір жылда орташа айлық жалақы құрылыс саласында – 42%, тұру және тамақтану бойынша қызмет көрсетуде – 32,6%, ақпарат және байланыста 31,9% өсті. Ал түрлі қызмет көрсету саласында керісінше, 2,4% төмендеген.
Вам может быть интересно: «Евросоюз готовится принимать заявления на шенгенские визы онлайн»
Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент
текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
Больше на Forbes