Қазақстан СІМ-де халықаралық Қызыл крест комитетімен одан әрі ынтымақтастық перспективалары талқыланды

4450

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Қайрат Омаров еліміздегі дипломатиялық миссиясының аяқталуына байланысты Халықаралық Қызыл Крест комитетінің (ХҚКК) Қазақстандағы өкілдігінің басшысы Франсуа Блансиді, сондай-ақ миссияның жаңадан тағайындалған басшысы Желько Лежаяны қабылдады, деп хабарлайды ҚР СІМ баспасөз қызметі.

Қ. Омаров Ф.Блансиге еліміздің Сыртқы істер министрлігімен және мемлекеттік органдарымен түрлі жобаларды, тренингтер мен семинарларды жүзеге асыруда тығыз ынтымақтастығы мен жұмысы үшін алғыс айтты. Атап айтқанда, Қазақстанның белсенді халықаралық және өңірлік рөлін ескере отырып, халықаралық гуманитарлық құқық нормаларын ілгерілету және оларды мемлекеттік органдардың жұмысында қолдану бойынша ХҚКК қызметіне жоғары баға берілді. Қазақстандық дипломат ХҚКК миссиясының жаңа басшысына одан әрі жемісті ынтымақтастықты дамытуға және бірлескен жұмыста қажетті қолдау көрсетуге дайын екендігіне сендірді.

Тараптар ағымдағы жылға арналған Ынтымақтастық жоспарын талқылап, жобалар мен іс-шараларды табысты жүзеге асыруға өзара мүдделілік танытып, Қазақстанда әрі өңірлік деңгейдегі одан әрі іс-қимылдың маңыздылығын атап өтті. 

   Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить