Түркістан облысында мақта дақылын егу көлемі азаюы мүмкін

3115

Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ермек Кенжеханұлы Жетісай, Мақтаарал, Шардара аудандарына барып, мақта өсірумен айналысатын диқандармен кездесті, деп хабарлайды Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Басқосудың мақсаты – осы саладағы барлық мәселені талқылап, әлі күнге өткізген мақтасының ақшасын ала алмай жүрген диқаншыларға жәрдемдесу. Себебі мақта өңдеу зауыттарының шаруаларға берешегі 1,6 млрд. теңгені құрап отыр.

Алқалы жиынға Жетісай және Мақтаарал аудандарының әкімі, өңірдегі барлық мақта зауыттарының басшылары мен микроқаржы ұйымдарының басшылары, қос ауданның мақта өсірумен айналысатын диқандары қатысты.

Жиын барысында шаруалар мен мақта зауыттарының басшылары ортақ мәмілеге келіп, көкейде жүрген сұрақтарына жауап алды.

– 2022 жылы мақта дақылы 126,3 мың гектарға егіліп, 361,8 мың тонна өнім жиналды. Биыл мақта дақылының егіс көлемін 14,9 мың гектарға кемітіп, 111,4 мың гектарға орналастыру жоспарлануда. Өздеріңізге белгілі 2022 жылы басталған геосаяси жағдайға байланысты мақта талшығын экспорттау қиын соқты. Бұл шитті мақта бағасына тікелей әсер етіп отыр, – деді Е. Кенжеханұлы.

   Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить