Түркістан облысының үш ауданында 6 көшені су басқан: Полиция көмекке келді

2997

Түркістандық полицейлер су басып қалған аудандардың тұрғындарына көмек көрсетіп жатыр, деп хабарлайды полиция.

Соңғы ақпарат бойынша, Түркістан облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты Бәйдібек, Ордабасы және Сауран аудандарында 6 көше, 48 аула су астында қалған.

Бұл іске көмекке Түркістан облысы полициясының жеке құрамы тартылды.

Полицейлер мен тиісті қызметтердің қызметкерлері халыққа көмек көрсетіп, жаңбыр суының бағытын бұру жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Зардап шеккендер жоқ.

Еске сала кетейік, өңірдегі Кентау, Түркістан қалаларында және Бәйдібек, Сауран, Ордабасы аудандарында жауын-шашыннан көшелер мен аулаларды су басып жатқанын хабарлаған едік.

Дәл қазір тасқын су Сауран ауданындағы елді мекендерге қауіп төндіріп тұр.

Су тасқынына байланысты Сауранда мектеп оқушылары онлайн оқуға көшті.

   Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить