Астанада көлік жүргізген кішкентай баланың әкесіне 172 мың теңге айыппұл салынды

Астанада кәмелет жасына толмаған баласын көліктің руліне отырғызған тұрғынға айыппұл салынды, деп хабарлайды полиция.

Әлеуметтік желіде жас баланың көлік жүргізіп келе жатып басқа көлікті қаға жаздаған видеосы тарады.

Осы факті бойынша полицейлер 45 жастағы көлік иесін анықтады.

Ол ҚР ӘҚБтК 612-бабының 5-бөлігі (құжаты жоқ және басқару құқығы жоқ адамның көлiк құралын басқаруы) бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Астана тұрғынына 50 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды.

Сондай-ақ, бала тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін ҚР ӘҚБтК 127-бабы 1-бөлігі бойынша жауапқа тартылды.

Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
Выбор редактора
Ошибка в тексте