Қазақстан жаңалықтар
30 января 2023, 12:49
Жетісуда су өлшейтін конструкцияға соғылған көліктегі жолаушы көз жұмды
Жетісу облысында автокөлік су деңгейін бақылайтын құрылымға соқтығысты, деп хабарлайды полиция.
Жол апаты 29 қаңтар кешке Панфилов ауданында тіркелген.
Toyota Corolla автокөлігінің рөлінде 65 жастағы зейнеткер болды.
Ол Үшарал - Керімағаш автожолының 4-шақырымында көлікті басқара алмай, кілт бұрылыста трассадан ұшып кетті.
Салдарынан көлік су арнасының деңгейін бақылайтын гидротехникалық құрылысқа соғылысты.
Оқиға орнында жеңіл автокөліктің 50 жастағы жолаушысы көз жұмды.
Жүргізуші түрлі жарақатпен аудандық ауруханаға жеткізілді. ЖКО фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.
Вам может быть интересно: «Криштиану Роналду жаңа командасындағы алғашқы ойынын 5 қаңтарда өткізуі мүмкін»
Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент
текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
Больше на Forbes