Жоғары оқу орындары білім беру бағдарламалары рейтингісінің әдістемесі жыл сайын жетілдіріледі

Жоғары оқу орындары білім беру бағдарламалары рейтингісі жұмыс берушілердің нақты бағаларына негізделген білім беру сапасының объективті бағасы. Бұл жоғары оқу орындарының рейтинг нәтижелері мен ондағы өздерінің алатын орындарына ешқалай әсер ете алмайтындығын көрсетеді. Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен брифингте «Атамекен» ҰКП басқарушы директоры Азамат Бейсенбенов мәлімдеді.
Рейтингтің негізгі мақсатты аудиториясы – нәтижелерге сүйене отырып өз кәсібі мен ЖОО таңдайтын талапкерлер. Себебі, рейтинг, ең алдымен, білім алушылардың мүдделерін қорғауға бағытталған, деп хабарлайды ortcom.kz.

«ЖОО үшін де рейтингте қолданылатын критерийлер бойынша анықталатын объективті көрсеткіштер өте маңызды. Олар рейтинг нәтижелерін, әсіресе, өз түлектерінің жұмысқа орналасу деңгейін, жұмыс іздеу ұзақтығын әрқашан бақылап отырады. Рейтинг қорытындылары білім беру бағдарламаларына өзгерту енгізу, оларды жетілдіру, тіпті оларды жабуға байланысты шешімдер қабылдауға көмектеседі. Рейтингтің нәтижелері ЖОО арасында бәсекелестікті арттыратынын атап өту керек. Ал бәсекелестіктің болуы сапаның әрқашан артып отыруында өте маңызды рөл атқаратыны белгілі. Сонымен қатар рейтинг әдістемесі де жыл сайын жетілдіріледі. Әдістемеге өзгерістер енгізер алдында, «Атамекен» ҰКП әрқашан министрлік өкілдері мен ЖОО ректорларының пікірлерін ескереді. Бұл осымен 5-ші жыл жасалып жатқан жұмыстың нәтижесі», – деді спикер.

Рейтинг аясында 2 мыңнан аса білім беру бағдарламасы, 80 мыңнан аса түлек, еліміздің барлық өңірлерінен 200-ден астам салалық сарапшы мен жалпы 97 жоғары оқу орны қамтылды.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
1586 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить